Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарта Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай сөз сөйледі. Президенттің үндеуі Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні.
Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді.
Еліміздің аумағында он бір еңбекпен түзеу лагері болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қасірет мекені КАРЛАГ пен АЛЖИР-де тоталитарлық жүйенің шексіз қатігездігін үнемі еске салып тұратын тарихи мемориалды кешендер ашылды.
Зұлмат заманда тұтас халықтар қудалауға түсті. Туған жерінен зорлықпен көшірілген бес миллионға жуық адам қасиетті қазақ жерінен пана тапты. Қазақстан олардың құтты мекеніне айналды.
Ұлтымыз алапат аштықтың зардабын тартып, орны толмас шығынға ұшырады. Шектен шыққан ұжымдастыру науқаны Ұлы даланы бұрын-соңды болмаған ауқымды гуманитарлық апатқа ұрындырды.
Халқымыз небір зобалаңды көрсе де рухын аласартқан жоқ. Бірлігін бекемдеп, ынтымағын арттыра түсті.
Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды ақтауға кірістік. Кезінде жазықсыз жазаланған мыңдаған азаматтың есімін ел жадында жаңғырттық.
Былтыр қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия солақай саясаттан жапа шеккен қазақстандықтарға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге тиіс. Бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бүкіл қоғамның парызы.
Төл шежіреміздегі қайғылы кезеңдерді ұлттық бірегейлігімізден бөле-жара қарау мүмкін емес. Сондықтан, біз саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етіп, есімдерін мәңгі есте сақтаймыз.
Тарихтан тағылым алып, мұндай тауқымет ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз, - делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов алаяқтық жасағаны үшін бес жылға сотталды
- Өскеменде айғақтарды бұрмалаған полицей сотталды
- Бішкек шенеуніктері автобуспен жүретін болады
- Атырау облысы, Талдыкөл ауылында халықты эвакуациялау басталды
- Оның тамағын кеңсе пышағымен кесіп тастады: сот үкім шығарды
- Павлодар облысында педофил ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды
- Феминистер Қуандық Бишімбаевтың үкіміне наразылық білдірді
- Сот Жәмила Маричеваны кінәлі деп танып, айыппұл салды
- Салтанат Нүкенованың ағасы сот үкіміне қанағаттанатынын айтты
- Бақытжан Байжанов 4 жыл бас бостандығынан айыру туралы шешімге разы емес
- Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
- Алматы тұрғыны өзге біреудің көлігін өртеп жіберіп, оны видеоға түсіріп алған
- Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады
- Атыраудағы су тасқынының шарықтау шегіне 4-5 күн қалды
- Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі сағат 17:00-де шығады
- Шымбұлақ аспалы жолдарды жабады
- Қазақстан тағы да Ресейден үлкен арақ импорттаушы елге айналды
- Итті басып өткен депутат айыппұлмен құтылады
- «Семей орманындағы» өрт: қорық басшылығына үкім шығарылды
- Өзбекстан биыл Қазақстанға егістіктерді суару үшін 922 миллион текше метр су беруге уәде берді