Тоқаев Путинді Ресей күнімен құттықтаған жоқ

cover

12 маусым – Ресей Федерациясында «Ресей күні» тойланады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге мереке құрметіне ресми жеделхат жолдаған жоқ.

Бұл туралы аrbat.media хабарлайды.

Қалай дегенде де, Тоқаевтың құттықтауы жұртшылыққа белгісіз. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ешқандай ақпарат жарияламады.

Бүгін, 13 маусымда түсірілген Ақорданың ресми сайтынан алынған скриншот

Қалай десек те, ресейлік «Говорит Москва» басылымы 13 маусым күні «Қазақстан президенті ресейліктерді Ресей күнімен құттықтады» деген тақырыппен жаңалық жариялады.

Мақала мәтіні толығымен Тоқаевтың 2020 жылғы құттықтауынан көшірілген.

Айта кетейік, ресейліктердің мерекемен ресми құттықтауы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі сайтында пайда болды.

«Қазақстан үшін Ресей ең жақын мемлекет және солай болып қала береді. 30 жыл ішінде біздің елдер қарым-қатынастардың тұрақты үлгісін құрды - бізде сенімді саяси диалог, өңіраралық және ведомствоаралық барлық деңгейдегі көп қырлы байланыстар, терең және күшті сауда және экономикалық байланыстар бар» делінген елшілік жеделхатында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар