Тоқаев Kaspi.kz басшылығымен цифрлық жобаларды талқылады

cover

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Kaspi.kz негізін қалаушыларды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе Президентке компанияның қазіргі қызметі мен жетістіктері туралы айтып берді. Олар ірі әлемдік инвесторлардың Қазақстанға қызығушылығының артуы туралы хабарлады.

- Қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің өсуі және оларды қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ компанияның қатысуымен мемлекеттік цифрлық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz бірлескен қызметінің перспективалық бағыттары, соның ішінде Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытудағы бағыттар айқындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар