Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішевті қабылдады
Президент Тоқаевқа қордың азаматтарға көрсеткен көмегі бойынша есебі, сондай-ақ қайырымдылық қызметті ұйымдастыру жолдары жөнінде ақпарат берілді.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Болат Жәмішевтің айтуынша, қазіргі таңда Қор 10 қайырымдылық бағдарлама мен жобаны жүзеге асырып жатыр. Атап айтқанда, олардың сегізі медициналық көмек көрсетуге, біреуі ауыл балалары үшін спорт саласындағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға бағытталса, тағы бірі ауылдық жерлерден шыққан талапкерлер мен аз қамтылған отбасылардың студент балаларына білім гранттарын беруді қарастырады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қордың мақсатты бағыттарын анықтауға қоғам мен қоғамдық институттарды белсенді түрде тарту қажет екеніне баса мән берді.
Болат Жәмішевтің айтуынша, Қор жаңадан толықтырылған Тұжырымдаманы және Қайырымдылық бағытындағы бағдарламалар мен жобалар әзірлеуді қолға алды. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектордың өкілдері, мәслихат депутаттары, Қор меценаттары, бизнес өкілдері мен сарапшылар кеңінен тартылады.
Қор төрағасының айтуынша, барлық атқарылып жатқан жұмыстар туралы толық ақпарат қоғам назарына ұсынылады. Қыркүйек айында өтетін Ұлттық қайырымдылық конференциясы осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстың қорытынды есебі болмақ.
Жаңалықтар
- Алматы мен Алматы облысында өзен тасуы мүмкін
- Семейде бір ай бұрын жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
- TikTok жұлдызы Мұрат Әбділданың мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қаралды
- Мемлекет басшысы биліктегі біршама тұлғаларды орнынан босатып, біразын тағайындады
- Үйі жоқ халықты коммуналдық төлемдерден босату қаншалық орынды?
- Футбол добының орнына кірпі: Ақтөбеде жігіттерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- «Самұрық-Қазына» өзінің еншілес ұйымына екі ірі су электр станциясын берді
- Мемлекет басшысы Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті
- Дұғалар, прокуратура, облыс әкімі және Атыраудан жүк көлігі: Құлсарыдағы митинг жалғасып жатыр
- Оралдағы су басқан саяжайлардың тұрғындары тағы да әкімдікке жиналды
- Енді үйдегі интернетті телефон арқылы қосуға болады
- Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды
- Татарстанда қазақ тілі оқытылатын болады
- Қазақстан Энергетика министрлігі басшылығының мессенджерлеріне хакерлік шабуыл жасалды
- Депутат баспананы табиғи апаттан сақтандыруды міндеттеуді ұсынып отыр
- Boeing ұшақтары қауіпсіз бе: АҚШ-тың Әділет министрлігі тергеуді бастады
- Әділет министрлігі екі саяси партияны тіркеуден бас тартты
- ҰБТ-2024 Қазақстанның он төрт облысында басталды
- Әлия Назарбаеваның рейдерлік әрекеті халықаралық деңгейге шығады
- Назарбаевтың бұрынғы келініне қатысты іс: Сот қашан басталады?