ТМД-да сотталған қазақстандықтар жазасын Отанында өтей алады

cover

Бейсенбі күні жалпы отырыс барысында сенат «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың орындалуын беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

— Конвенция жазаны орындауды беру тәртібін белгілейді, оған сәйкес сотталған немесе заңды өкіл оның орындалуын тағайындаған мемлекеттің немесе жазаны орындаушы мемлекеттің құзыретті органына беру туралы өтініш жасайды. Өтінішхаттың негізінде Бас прокуратура жазаның орындалуын беру туралы сұрау салу жібереді. Қабылданатын елдің соты тағайындалған тараптың Сотынан қатаң болмауы тиіс жазаны анықтайды, - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Оң шешім қабылданған жағдайда сотталған адам 45 күн ішінде мемлекет аумағынан кетуге және қабылданатын елдің құзыретті органына келуге міндетті. Орындалмаған жағдайда шығарып жіберуге жатады.

Заңда сондай-ақ жазаның орындалуын беру туралы сұрау салуды қараудан бас тарту үшін негіздер көзделген. Егер іс-әрекет жазаны орындаушы мемлекетте қылмыс болып табылмаса, ескіру мерзімінің өтуі салдарынан егемендікке, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірсе, ұлттық заңнамаға және жария тәртіпке қайшы келсе, сұрау салуды алған кезде жазаны орындаудың қалған мерзімі 6 айдан кем болады.

Тұрғымбаевтың ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның пробация қызметінің есебінде 447 шетелдік азамат тұр. Оның ішінде Өзбекстан – 216, Ресей – 138, Қырғызстан – 38, Армения – 5.

ТМД елдерінде бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазасын ҚР 280 азаматы өтеп жатыр. Оның ішінде Ресейде – 251, Өзбекстанда – 24, Беларусьте – 3, Қырғызстанда – 2.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар