Тимур Құлыбаев Бас прокуратурамен соттасып жатыр

cover Коллаж: Orda.kz

Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитеті елдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Тимур Құлыбаевқа қарсы кезекті талап арызын берді, деп хабарлайды Orda.kz.

Nege Aqsha Telegram-арнасының хабарлауынша, іс аппеляциялық инстанцияда қаралып жатыр, яғни бұл олигарх пен комитет арасындағы ұзаққа созылған даудың жалғасы болуы мүмкін. Талап арыз 18 қарашада судьяның қарауына жіберілген, бірақ әзірге басқа деректер жоқ. 

2024 жылдың көктемінде Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетіне қарсы бірнеше талап арыз берген еді. Сәуір айында Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы олигархтың үш талабын да қанағаттандырмады.

Сол уақытта комитет нақты қандай мүлік туралы сөз болып жатқанын жариялаудан бас тартты, заңнамаға сәйкес мемлекеттік құпияларды ашуға тыйым салынғанын алға тартты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар