«Терезеден секірген»: Түркиядағы жер сілкінісінен 150-ден астам адам зардап шекті
Фото: Бейнеден кадр
Түркияда Стамбұлдағы жер сілкінісі кезінде кем дегенде 151 адам зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, кеше, 23 сәуір күні Түркияның Стамбұл қаласында 6,2 баллдық жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісі кезінде кейбір адамдар дүрбелеңге салынып, терезеден секіріп кетіпті. Дүмпулер 13 секундқа созылды. Түркияның ішкі істер министрі Әли Ерликаяның айтуынша, жер сілкінісінен кейін үш сағат ішінде ғалымдар 51 жер сілкінісін тіркеді.
«Жедел жәрдем орталығына 6100 қоңырау келіп түсті. Олардың басым бөлігі ақпараттық қоңыраулар. Құрбан болғандар жоқ», — деді Әли Ерликая.
Зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Жер сілкінісінен Фатих ауданында қараусыз қалған ғимарат құлаған.
Кейбір тұрғындар үйлеріне оралудан қорқып, көшеде түнеді. Біреулер шатырда, кейбірі көлік ішінде ұйықтаған. Қала әкімшілігі мешіттер түні бойы ашық екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, наурыз айында Жамбыл облысында жер сілкініп, бірнеше ғимараттар бүлінді.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды