Темірлан Еңсебекке тағы бір айып тағыла ма? Qaznews24 әкімшісін прокуратура қайта шақырды
Фото: Orda.kz
Qaznews24 сатиралық жобасының негізін қалаған Темірлан Еңсебек қайтадан прокуратураға шақырылды. Бұл жолы бұрынғы ісіне қоса тағы бір жаңа бап бойынша жауап алынып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ақпаратты оның жары Мария Кочнева жеткізді. Оның айтуынша, тергеу Qaznews24 парақшасына байланысты тағы бір қылмыстық іс қозғады.
«2025 жылдың қаңтарынан бері Темірланның бұл аккаунтқа ешқандай қатысы жоқ. Қылмыстық қудалау уақытында ол парақшаны жүргізген де емес. Қазір оған 274-бап «көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша айып тағылып жатыр. Егер іс сотқа өтсе, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — дейді Мария.
Еске сала кетсек, былтыр тамызда Qaznews24 жобаның жұмысын тоқтататынын жариялаған. Бұдан бұрын Темірлан Еңсебек Қылмыстық кодекстің 174-бабы («ұлтаралық араздық қоздыру») бойынша бес жыл бостандығын шектеу жазасына кесілген еді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты