Текеліде жансақтау бөліміне асыққан жедел жәрдем көлігі аударылды

cover Фото: Бейнеден кадр

2 маусым күні түнде Текелі қаласында жеңіл автокөлікке жедел жәрдем көлігі соқтығысты. Салдарынан жансақтау бөліміне науқасты алып келе жатқан жедел жәрдем көлігі аударылып, науқас сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жедел жәрдем көлігінде фельдшер, көлік жүргізушісі және 87 жастағы науқас болған. Куәгерлер мен дәрігерлердің айтуынша, өлім жарақаттан емес, негізгі аурудың асқынуынан болған.

Жедел жәрдем жүргізушісі жарақат алды және фельдшер зардап шекті (жарақаттың сипаты анықталып жатыр). Жеңіл көліктің жүргізушісі де жеңіл жарақат алды. Бәріне алғашқы медициналық көмек көрсетілген.

«Қылмыстық іс қозғалды. Мән-жай анықталып жатыр»,  деп хабарлады Жетісу облысының полиция басқармасы.

Ал апатқа кім кінәлі екені сотқа дейінгі тергеу нәтижелері көрсетеді.

Еске сала кетейік, Талдықорғанда қоғамда үлкен резонанс тудырған 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін тараптардың жарыссөзі аяқталды, сотталушылар өз пікірлерін айтты. Судья Ержан Жанұзақов сотталушыларға соңғы сөз айтуға мүмкіндік берген болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар