Таразда оқ жарақатын алған үш баланың жағдайы анықталды

cover

Таразда оқ жарақатымен ауруханаға түскен үш жасөспірімге ота жасалды, деп хабарлады Orda.kz Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Тараздағы мектептердің бірінің оқушылары жеткізілген аурухананың дәрігерлері хабарлады. Екі баланың 16 жаста екені белгілі, үшіншісі 17-де. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға 15 сәуірде орын алды. Болжам бойынша, оқ мылтықтан атылған. 19 жастағы күдікті қамауға алынды. Полиция оқиғаның басқа мәліметтерін жария етпеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар