Тараз қаласындағы балалар демалыстарын қалай өткізбек?

cover Фото: ашық дереккөзден

Тараз қаласының білім бөлімі жаз маусымында балаларды мектеп жанындағы және қала сыртындағы лагерьлермен қамту бойынша дайындық жұмыстарымен таныстырды.

Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмысы 1 маусымда басталған. 1-20 маусым аралығында 59 мектеп жанындағы лагерьлерге 10 күннен екі маусымда 15 637 бала тегін тамақпен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, білім мекемелері тарапынан балалардың жазғы демалысы мен бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру шараларымен 34 599 баланы қамту жоспарланып отыр.

Қала сыртындағы лагерьлерде аз қамтылған және көпбалалы отбасының 3600 баласы сауықтырылады деп жоспарланған.

Бұл мақсатта бюджеттен 151 млн 848 мың теңге қаражат қарастырылды. Бір баланың күндік тамақтану құны орташа есеппен 3515 теңге болады. Қазіргі уақытта облыстық білім басқармасында конкурстық жұмыстар атқарылуда. Қала сыртындағы лагерьлер жұмысы 15 маусымда басталады деп жоспарланып отыр. Ол 15 маусым – 27 тамыз аралығын қамтиды.

2022 жылдың 26 мамыр – 17 маусым аралығында 31 938 баланың қамтылуымен «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады. Бұған 1-8 және 10 сыныпта білім алатын 66 537 оқушының 48% қатысады.

«Жұмыс барысына тоқталатын болсақ, 40 минутқа дейінгі ұзақтықта күніне 3-4 сабақтан өтеді. Сонымен қатар, балалардың оқу әдетін қалыптастыратын күнделікті 20-30 минуттық кітап оқу тапсырмалары беріледі. Дене шынықтыру мұғалімдері жаттығулар, спорттық ойын түрлерінен сабақтар ұйымдастырады.

«Жазғы мектеп» жұмысын ұйымдастыру барысында 5,6,7,8,10 сынып білім алушыларына жазғы тіл үйрену мектебі өтетін болады. Тіл үйрену мектебі мектеп ауласында, дәстүрлі емес форматта креативті әдіс-тәсілдерді қолдана отырып ағылшын тілін үйрету жұмыстары жүргізіледі.

Жазғы демалыс кезінде қалалық білім бөліміне қарасты «Оқушылар» сарайына маусым – 5 200, шілде – 4 500 және тамыз айына – 4 000 баланың шығармашылығы дамытуда және қызығушылығы бойынша үйірмелерге қабылдау жоспарланып отыр. 480 баланы қала аумағындағы қосымша филиалдарында қамтылатын болады» деді Тараз қаласының білім бөлімі.

Сондай-ақ, Техникалық шығармашылық орталығы маусым-шілде айларында – 440 баланы, тамыз айында - 410 тұрақты білім алушыларымен шығармашылық жұмыстарын жалғастырмақшы.

Көркем өнер мектебінде жаз айларында 250 оқушы қамтылады, оған арнайы іс-шаралар жоспары әзірленген.

Авторы: Исламбек Дастан, Тараз

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар