Тапқан пайдасы мемлекетке қайтарылды: Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған түркістандық сотталды

cover Фото: freepik.com

Түркістан облысының тұрғыны ойын бизнесін ұйымдастырып, заңсыз аса ірі мөлшерде табыс тапқаны үшін кінəлі деп танылды. Ол бұрын дәл осындай қылмыс жасағаны үшін істі болған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратура мәліметінше, түркістандық азамат заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып 20 млн теңге тапқан. Сарыағаш аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасы шартты деп бекітілді. 

«Апелляциялық сатыда прокурордың өтінішхаты қанағаттандырылып, үкімнің шартты деп есептелген бөлігінің күші жойылды», деп хабарлады Бас прокуратура. 

Тексеру нәтижесінде заңсыз кіріс ретінде алынған 20 млн теңге тәркіленбегені анықталды.

Бас прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, аталған қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар