Тапа-тал түсте бөтен адамдарға пышақ алып жүгірген (видео)

cover

Алматы қаласының «Теректі» шағын ауданында он шақты пышақ жарақаты бар ер адамның денесі табылды.

Бұл туралы Orda.kz Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Анықталғандай, күдікті бұған дейін қарақшылық жасағаны үшін сотталған.

Табылған мәйітте 10 пышақ жарақаты анықталды. Ер адам оқиға орнында қайтыс болған. Шұғыл іздеу шаралары кезінде оқиға куәгері табылды. Белгілі болғандай, ол – марқұмның танысы. Оның айтуынша, оларға бөтен адам пышақ алып жүгірген.

Сондай-ақ, куәгерде жеңіл түрде пышақ жарақатын алған.

Іздеу кезінде қамауға 20 жастағы жігіт алынды. Ол уытты заттарды иіскеп жүрген таксикоман екен.

– «Карб» иіскеп, одан кейін есімді жоғалтып, алдымнан шыққан екі адамды пышақтадым. Содан біреуін өлтіріп қойдым, - деді күдікті.

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша жауапқа тартылып, 15 жылға сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар