Танымал тележүргізуші Сызғанов клиникасындағы анестезиологтың ақша бопсалағанын айтты
ФОТО:Instagram II Айнұр Илясова
«Мамский әңгіме» подкастының авторы тележүргізуші Айнұр Илясова А.Н.Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігер-анестезиологы оған жеке хабарласып, ақша талап еткенін әшкере етті, деп хабарлайды Orda.kz
Айнұр Илясованың айтуынша, анасына жасалған отадан кейін анестезиолог оның жеке нөміріне шығып ақша талап еткен. Қазіргі уақытта, оқиғаға қатысты Сызғанов ауруханасының директорына ресми хат жолдап, қызметтік тексеріс жүргізуді сұрайды.
«Сызғанов атындағы клиникада анама операция жасалды. Ота алдында шұғыл байланыс үшін менің телефон нөмірімді алған еді. Алайда, анестезиолог нөмірімді жеке мақсатында пайдаланып, маған тікелей хабарласып, ақша талап ете бастады. Мен клиника директорына ресми хат жолдасам да анестезиолог тарапынан әдепсіз әрекеттер тоқтамады. Анестезиолог отадан соң хәл үстінде жатқан анама келіп, «қызыңды сабырға шақыр» деп талап еткен», – дейді журналист.
Илясова өзіне әрі анасына жасалған орынсыз әрекетті тек кәсіби этиканы бұзу ғана емес, ауыр халдегі науқасқа қысым жасау екенін айтты.
«Мен дәрігерлердің еңбегін құрметтеймін. Бірақ дәл осындай жағдайлар оларға деген сенімге селкеу түсіреді, науқастардың қауіпсіздігіне күмән тудырады. Сызғанов атындағы клиника басшылығына үндеу жасаймын шара қолданып, мұндай оқиғалардың қайталануына жол бермеуді сұраймын», – деді Илясова.
Жаңалықтар
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен