«Тамағына малдың қиын қосқан»: Қарағандыда 6 баланы асырап, құлдықта ұстағандар сотталып жатыр

cover Фото: freepik.com

Қарағандыда жетімдер үйінен 6 баланы асырап алып, оларды соққыға жыққан отбасы сотталып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz KTK арнасына сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметіне қарасақ, асыранды балалар тамақ ішпей, аш жүрген, таяқ жеген. Асыраушылары оларды үнемі ұрып-соғып, ақыры біреуін мүгедек қылған. Отбасының үш мүшесіне қатысты азаптау бабы бойынша айып тағылды.

Прокурордың мәліметінше, олар балаларды түнде иттің үйшігіне қамап, малдың қиын тамағына қосып берген. Балалардың денесі көгерген. Денелерінде тыртықтар көп. Ең кішісінің басы жарылған. 6 балаға жауыздық танытқан отбасы оларға берілетін 300 мың теңгені қалталарына басып отырыпты. 

Қазір балалардың үшеуі туған әжесінің қолында. Қалған үшеуі балалар үйіне жіберілді. 

Айта кетейік, Алматы әуежайында жасөспірім қыздарын сириялықтарға тұрмысқа бермек болған әйел ұсталған еді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар