Тамақтандыру төмен деңгейде: Ирина Смирнова балабақшалардағы қаржыландыру мәселелері туралы
Соңғы бірнеше жылда Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда сметалық қаржыландырудың орнына жан басына шаққандағы қаржыландыру жұмыс істейді. Депутат Ирина Смирнова Түркістан және Алматы облысының балабақшаларында осыған байланысты туындаған мәселелер туралы айтты.
Бүгінгі таңда мемлекет әр балаға мектепке дейінгі білім беру қызметтерімен қамтамасыз ету үшін қаражат бөледі. Негізінен ақша балаға жұмсалады. Жоқ дегенде, жоспарда солай көрсетілген.
«Мәселе мынада, кейбір аймақтар әдістеме қалай ұсынылғанына мән бермей, қаржыландыру көлемін өздері тағайындайды. Мені депутат ретінде Түркістан облысындағы балабақшаларға баратын балаларды қаржыландыру алаңдатады. Онда Қазақстандағы 900 мың мектеп жасына дейінгі балалардың 155 мыңы тұрады. Бұл шамамен Қазақстанның 20% құрайды. Бұл өңірде балабақша балаларын қаржыландыру басқа аймақтарға қарағанда аз. Мұнда балаға айына 16-19 мың теңге бөлінеді, ал басқа өңірлерде бұл сома айына 28-34 мың теңге. Бұл балабақшаны дамытуға, білікті мамандарды тартуға, оны техникалық құралдармен қамтамасыз етуге жеткіліксіз».
Смирнова ата-ананың баласына беретін ай сайынғы төлемі балабақшалардың жағдайын жақсартпайтынын атап өтті.
«Түркістан облысында негізінен көп балалы отбасылар турады. Еліміз бойынша ең төмен жалақы да осы өңірде. Сондықтан, ата-ана айына 5-8 мың теңгеден ғана төлей алады. Ал бұл ақша бала тамағына кетеді десек, баланы айына 22 күн, күніне үш рет 5 мың теңгеге қалай тамақтандыруға болады? Бұл ақшаға алынған тамақ қанша мезгіл тамақтануға жетеді? Шамамен, ет пен сүтсіз ұн өнімдері - тоқаш, шай және қант қана келеді».
Депутат Түркістан облысында бұндай жағдайдың қалыптасуын былай түсіндірді.
«Бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы және Шымкент қаласы болып екіге бөлінді. Түркістан облысында Шымкент қаласына қарағанда балалар саны көп екеніне қарамастан, балабақшаларға берілген қаржы тең бөлінеді. Түркістан облысында балабақшалардың төлем қарыздары өсуде, бүгінгі таңда бұл 23 млрд теңгеге жетті. Жаз айларында балабақшаларға мүлде қаржы бөлінбеген жағдайлар да орын алды. Түркістан облысы әкімшілігі республиканың премьер-министіріне, вице-министіріне, қаржы және білім министрлігіне де өтініш жазды. Ешқандай жауап болмады. Өңір балабақшалары жан басына қаржыландыруға толық көлемде қаражат алуы үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет деп санаймын».
Ирина Смирнова Алматы облысында да жан басына қаржыландыруға қатысты мәселе бар екенін айтты.
«Алматы облысында 2018 жылдан кейін ашылған балабақшалардың басым бөлігі жан басына қаржыландырылмайды. Кейбіреулері ғана қаржыландырылды. Десек те, қаржыландыру қандай ережелерге негізделгені түсініксіз. Қаржыны субъективті бөледі деп айтуға да болады. Мәселені жергілікті органдармен нақтылауы керек».
Айта кетсек, 2 ақпанда Алматы облысы білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталды. 9 ақпан күні сот оны 2 айға қамауға алуға үкім шығарды.
«Әр балаға мемлекет қаржы бөледі. Ол ақша қайда, қалай жаратылып жатыр? Балабақша ашылып, тіркелген жағдайда, оны дереу қаржыландыру керек».
Авторы: Анна Даниловская
Аударған: Мұхит Тұрсынәлі
Жаңалықтар
- Тоқаев Украина президентін Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
- 150 мың SMS-бластер: Алаяқтар сүзгілеу жүйелерін айналып өтудің жолын тапқан
- Павлодарда ер адам тротуардың астындағы қайнаған суға құлап, күйіп қалды
- Тамызда Қазақстанның кей өңірлерінде қар жаууы мүмкін
- Қазақстанда бірнеше ведомство басшылары лауазымдарына қайта тағайындалды
- Магистратура — 2026-2027: Грант иегерлерінің тізімі
- Тоқаев білім жүлдегерлеріне 6,5 млн-дық сыйақы сертификатын тапсырды
- Алматыда тұрғын үйдегі өрттен бір адам қаза тапты, тағы төртеуі ауруханада
- ШҚО-да ер адам бірнеше жыл бойы қызын зорлаған
- Министрлік көлік жүргізушілерге үндеу жасады
- «Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
- Леңгірде бетперде киген адамдар үйге кіріп, әйелді бірнеше сағат бойы ұстаған
- Павлодар облысында трактор екі баланы қағып кетті
- Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
- Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
- Президент дзюдошыларды жастар арасындағы әлем чемпионатындағы үздік жеңісімен құттықтады
- ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады: Бес партия мандат алады
- Маңғыстауда 16 жастағы қызға зорлық-зомбылық жасаған соңғы күдікті ұсталды
- Бас прокуратура мемлекетке келтірілген 66,5 млрд теңге залалды анықтады
- Қазақстандықтардың шетелден Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші 84,8 пайыз болды