Талдықорғанда көп қабатты үйдегі өрттен жеті бала құтқарылды
Бейнеден кадр
Талдықорғанда Қаратал шағын ауданында орналасқан бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт бірінші қабаттағы пәтерден шықты, нәтижесінде кіреберіс жылдам қалың түтінге оранды, деп хабарлайды Orda.kz ТЖМ-ге сілтеп.
Оқиға орнына жедел түрде төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері келді. Құтқару операциясы барысында өрт сөндірушілер автосатының көмегімен жоғарғы қабаттағы терезелерден сегіз адамды эвакуациялады, олардың жетеуі - балалар.
ТЖД мәліметінше, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Алдын алу мақсатында құтқарылғандардың барлығы қосымша медициналық тексеру үшін Талдықорған қаласының көпбейінді ауруханасына жеткізілді.
Өрттің тұтану себептері анықталып жатыр.
Еске салсақ, Қарағандыда 12 қабатты үйден шыққан өрттен бір адам қаза тапты.
Жаңалықтар
- «Аспаннан түскен байдың баласы емеспін»: Ерболат Жанабылов кінәсін ішінара мойындады
- «Біреудің ала жібін аттап кеттім бе?» — Ерболат Жанабылов сот алдындағы сөзі
- Алдағы күндері Алматыда найзағай ойнап, Астанаға қар жауады
- Астанада өрттен үш бала опат болды: Құтқарушылардың жолын жапқан көлік жүргізушісі жазаланды
- ҰҚШҰ бас хатшысы Тоқаевқа алдағы жоспарын таныстырды
- Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды
- Иранда өлім жазасына кесілгендер саны күрт артты
- Коронавирустың балаларға тез жұғатын жаңа штаммы пайда болды
- Венгрияда 16 жылдық билік құлады: Орбан неге жеңілді?
- Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады
- Бішкекте ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды
- Бектенов көлік-транзиттік әлеуетті дамыту жөнінде жиын өткізді: Көлік министрлігі сынның астында қалды
- Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті
- Қалжалау дәстүрі: Қырық күн күтімнің жаңа форматы қандай?
- Яна Легкодимованы өлтіргендер әлі ұстау изоляторында: Этаптау үшін ұлттық ұланның арнайы қарауылы сұралған
- Қостанайда қайғылы жол апатынан 4 адам ажал құшты
- Астанада жыл басынан бері жол ережесін 61 рет бұзған BMW жүргізушісі ұсталды
- ҚМА: 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңге салған
- Державалардың таласы басталып кетті. Айға ұшудың мәні неде?
- Қаражат жинауға, мейрамханаға баруға тыйым салынады: Оқу-ағарту министрлігінің бітіру кешіне қатысты мәлімдемесі