Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
Фото: freepik.com
Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық 61 рейспен эвакуацияланды, деп хабарлайды Orda.kz көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.
«Эскалация басталғалы бері өңір елдерінен Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы жеткізілді. Рейстерді Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары Дубай, Шарджа, Джидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына орындап жатыр» деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның атап өтуінше, азаматтық авиация комитеті басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыруды жалғастырып жатыр.
Еске салсақ, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріндегі қауіпті жағдайға қарамастан сол жақтарға сапарлауға әрекеттеніп жатқан қазақстандықтар бар екенін айтып, ескерту жасады.
Министрлік Қазақстан азаматтарына арналған нұсқаулықты жариялап, Бахрейн, Мысыр, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы, Кувейт, Ливан, Бірікке Араб Әмірліктері, Оман және Сирияға барудан бас тартуға шақырды.
Оқи отырыңыз:
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
Жаңалықтар
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды
- Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін 15 жыл 6 айға сотталды