Таиландтағы жер сілкінісі: қазақстандықтар қауіптеніп отыр
Фото: Видеодан кадр
Таиландта жер сілкінісіне тап болған қазақстандықтар жағдаймен бөлісті, деп хабарлайды Orda.kz.
Еске сала кетейік, Мьянма мен Таиландтағы күшті жер сілкінісінен елде бірқатар қиратулар болды. Бұған дейін Бангкокта 43 адамның үйінді астында қалғаны хабарланған.
Orda.kz редакциясы қазіргі уақытта Таиландта жүрген Қазақстан азаматтарымен байланысқа шықты. Пхукетке наурыз айында келген қазақстандық тұрғын аралдағы жағдайдың тұрақты екенін айтты.
«Мен Пхукеттемін, мұнда бәрі тыныш. Жер сілкінісі маған қатты әсер еткен жоқ. Бірақ Бангкоктағы жағдай үрей тудырады, әсіресе салынып жатқан ғимараттар қатты зақымданған. Таныстарым кондоминиумдардан эвакуацияланды. Сілкініс Чиангмайда, Бангкокта және басқа да провинцияларда сезілді. Бірақ Пхукет сейсмикалық белсенділігі төмен аймақта орналасқан, табиғи апат қаупі бұл жерде айтарлықтай төмен».
Тағы бір қазақстандық азаматша Мандалай мен Бангкоктағы жойқын жер сілкіністерінен кейін өзін қауіпсіз сезінбейтінін жеткізді.
«Сілкініс орталығы Мьянмада, бірақ Бангкокта екі рет қатты сілкінді. Әуежайлар уақытша жабылды. Пхукетте де солай. Адамдар цунами мен афтершоктан қорқып отыр. Біз де қазір аралдамыз. Интернет пен жарық сөніп қалуы мүмкін, сондықтан барлық гаджеттерді қуаттап қойдық», — деді ол.
Ал бірінші сұхбаттасушы цунамидің бұл аймақта сирек кездесетінін атап өтті. Оның айтуынша, Таиланд үкіметі бақылау және ескерту жүйелеріне қомақты қаржы жұмсап, жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды