Тағы бір баланың денесі табылды: Бүтін бір отбасы суға кеткен Қырғызстандағы су тасқыны

cover Фото: Kabar.kg

Қырғызстанның оңтүстігінде су тасқынан көз жұмған тағы бір баланың денесі табылды.

Бұл туралы Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. 

Жергілікті тұрғындар Ноқат ауданындағы Әбшір-Сай өзенінен баланың денесін тапты. Мәйіт полицияға тапсырылды. Баланың жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, қаза тапқан он адамның барлығы бір отбасының мүшелері болып шықты.

Табиғи апат Борбаш ауылының тұрғыны Данияр М.-ның әйелі, балалары, немересі, жиендері мен немере ағаларының өмірін қиып отыр. Қайғылы оқиға болған  күні Даниярдың әйелі, үш ұлы мен немересі Әбшір-Атаға демалуға бел буады. Ұлдарының бірі көлік жүргізді. Сондай-ақ, көлікте бес туысы болды. Соның төртеуі Қазақстан азаматы. 

Келтірілген жалпы шығын, алдын ала есептеулер бойынша 20 миллион сом (110 миллион теңге) болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар