«Тұншықтырып, мәйітін өртеген». 4 адамға сот үкімі шықты

cover

Шымкентте күдікті 4 ер адам 2 такси жүргізушісін өлтірген. Олар өмір бойына сотталды.

Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Төрт ер адам такси жүргізушілерінен ақша бопсалаған. Бергендер тірі қалған, бермегендерді тұншықтырып өлтірген.

Сот олардың адамды көлігімен бірге өртеу әрекетін «қатыгездікпен қылмыс жасады» деп таныды. Екі күдікті өмір бойына сотталды.

Сондай-ақ, қылмыстық топтың есебінде бірнеше ұрлық, тонау және мал ұрлығы бар.

Олар такси жүргізушісі болып жұмыс істеген 23 жастағы әкімдік қызметкері мен 38 жастағы 3 баланың әкесін аяусыз өлтірген.

– Олар 38 жастағы жүргізушіні тұншықтырып, бес рет пышақ жарақатын салып, кейін мәйітті қоқыс үйіндісінде өртеп жіберген. Сонымен қатар, айыпталушылар 23 жастағы ер адамды тұншықтырып, қоқыс үйіндісіне апарып, көлігімен бірге өртеп жіберген, - деді судья Самидин Темірәлиев.

Қоғамға ерекше қауіпті ескере отырып, сот екі айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Болып жатқан оқиғаны тек бақылаған деген тағы екі айыпталушы 10 және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Олардың адвокаттары сот үкіміне қарсы шағым түсірмекші.

Сот шешіміне қаза тапқандардың туыстары қанағаттанды.

– Енді сот үкіміне көңілім толды. Жалпы, мен оларға ату жазасы тағайындалса деп едім. Бірақ Қазақстанда ондай нәрсе жоқ. Бұл екеуінің өмір бойына сотталғандығы, менің ойымша, әділетті. Менің ағамның балалары бар. Осы қылмыскерлер соңына дейін отырып, ойлансын. Егер олар апелляциялық шағым түсірсе, мен соңына дейін барамын, олар отыруы керек! - деді Ақжігіт Ясинов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар