Суицид пе, әлде…?: Министр Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша жауап беруден тартынды
Коллаж: Orda.kz
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шерзат Полаттың отбасы өртенген үйі мен Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты істер бойынша тергеу амалдары әлі жалғасып жатқанын хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Министр Ержан Сәденов Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты іс те аяқталмағанын айтты.
«Өрт ісі арнайы прокурордың өндірісінде. Тергеу амалдары жүріп жатыр, сондықтан нақты мәлімет бере алмаймын. Бірақ бәрі бақылауда», — деді министр.
Еске сала кетейік, былтыр Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полатты бір топ жасөспірім ұрып өлтірген. Қанды оқиғадан кейін бірнеше күн өтпей жатып, Шерзаттың отбасының үйі өртке оранды.
Арада біраз уақыт өткен соң, Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың інісі Нұрғанат Ғайыпбаев жұмбақ жағдайда көз жұмды. Полиция оны «өз-өзіне қол жұмсады» деп хабарлағанымен, туыстары бұл нұсқаға күмән келтіріп отыр.
5 маусым күні Талдықорғанда Шерзаттың өліміне қатысты сот процесі аяқталып, үкім шықты. Негізгі айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Өзге сотталушылар 1,5 жылдан 20 жылға дейін түрлі мерзімге сотталды.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі