Су тасқынынан зардап шеккен фермерлерді қолдау шаралары
Фото: Айқын
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында су тасқынынан зардап шеккен шаруаларға қолдау көрсетуді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және оның еншілес ұйымы «Қазагроқаржы» АҚ компаниялары ұсынатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұйымдастыруда, деп хабарлайды Orda.kz.
Су тасқынынан зардап шеккен Аграрлық несие корпорациясы мен Қазагроқаржы қарыз алушыларына төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігі беріледі. 2024 жылға арналған кесте бойынша барлық төлемдер келесі төлемдер бойынша 2025 жылдан бастап қаржыландыру кезеңінің соңына дейін тең төлемдермен бөлінеді, несиенің қолданылу мерзімі қарыз алушының қызметінің бағытына байланысты 2024-2025 жылдар аралығындағы жобалар үшін ұзарту 24 айдан аспайтын мерзімге беріледі. Ұзарту көктемгі дала және егін жинау жұмыстарынан басқа барлық бағытта болады.
Осы салада несие алған қарыз алушылар үшін қайта құрылымдау/ұзарту туралы өтініштерді қарау егін жинау аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
Зардап шеккен қарыз алушылардың несиелеріне су тасқыны әсерінен туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл қолданылмайды. AНК және ҚАҚ өтінімдерін қарауды жеделдету үшін құжаттардың ең аз саны негізінде өтінімдерді қараудың оңайлатылған процесі бекітілді.
Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржының қарыз алушылары болатын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес субъектілері зардап шеккендер тізіміне енгізілген төлемді кейінге қалдыру үшін келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
- несиені ұзарту/қайта құрылымдау туралы өтініш;
- өтініш беруші төтенше жағдайлар/су тасқынынан зардап шеккен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тізіміне енгізілуі тиіс.
Өтініш беруші тізімдерде болмаған жағдайда, қарыз алушы ең болмағанда аудандық деңгейде жергілікті атқарушы органдардың форс-мажорлық жағдайлардың орын алғанын растайтын құжатын ұсынуы қажет. Шешім жергілікті атқарушы органдар тізімдеріне сәйкес қабылданады. Шағымдар қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.
Жоғарыда көрсетілген шарттар мен рәсімдер 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша АНК және ҚАҚ алдында мерзімі өткен берешегі 90 күннен асқан қарыз алушыларға қолданылмайды, алайда мұндай қарыз алушыларды қолдау мақсатында өсімпұлды есептеу 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 30 маусымға дейін тоқтатылады. Сондай-ақ шарттар «жеке маңызды қарыздар» (негізгі қалдығы қаржы институтының меншікті капиталының 0,2 пайызына тең несиелер, атап айтқанда АКК үшін – 863 млн. теңге, ҚАҚ үшін – 370 млн.теңге сыныптамасына жататын қарыз алушыларға қолданылмайды). Мұндай несиелер жеке негізде қарастырылатын болады.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды