СҚО ауылында өртке оранған үйден алты адам құтқарылды

cover Сурет: polisia.kz

Қылмыстық-атқару жүйесінің  қызметкері өртеніп жатқан үйден алты адамды, оның ішінде кішкентай баланы алып шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қаңтарда шамамен сағат 13:21-де Солтүстік Қазақстан облысының Булаево ауылында орналасқан екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түсті.

«Әділет аға лейтенанты, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері Ғалымжан Байбосын үй тұрғындарына көмек көрсетіп, өртке оранған  үйден алты адамды қауіпсіз жерге алып шықты. Олардың арасында кішкентай бала да бар. Офицер одан кейін өртті ауыздықтауға көмектесті»  деп хабарлады департамент.


Өрттің жалпы аумағы 12 шаршы метр болды. Өрттің алдын ала себебі өрт тұтанған жерге жақын орналасқан пластикалық терезенің тұтануы болып шықты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар