Сириядағы Асад режимі жақын арада құлай ма?
Фото: freepik.com
Сирияда соңғы 24 сағатта оқиғалар қарқынды дамып жатыр. 24 сағаттың ішінде көтерілісшілер Сирияның оңтүстік-батысын түгел дерлік басып алып, ел астанасы Дамаскіге жақындады. Президент Башар Асадтың қайда екені белгісіз, деп хабарлайды Orda.kz BBC Орыс қызметіне сілтеме жасап.
Көтерілісшілер 2011 жылы президент Башар Асад режиміне қарсы көтеріліс басталған Сирияның оңтүстігіндегі Дараа аймағының көп бөлігін басып алып, көптеген әскери нысандарды бақылауға алғанын айтады.
Соңғы ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сириядағы Хомс қаласын Асад әскерлері тастап кеткен және қазір бүлікшілердің бақылауында. Әскери түрмеден Башар Асад режиміне қарсы болған 3500-ге жуық тұтқын босатылды. Сирия армиясы көтерілісшілердің қалаға кіріп үлгергенін жоққа шығарды.
Көтерілісшілердің келесі нысанасы Дамаск болуы мүмкін. Басты сұрақ Сирия президенті Башар Асадтың қазір қайда екендігі. Сирия ақпарат агенттігі оның Дамаскіде қалғанын хабарлады. Бірақ оның дәл қайда екені белгісіз. Қала маңындағы бірнеше елді мекенде Асад әулетінің билік нышандары жойылып жатыр: портреттер жұлынып, Дамаск маңындағы Сирия президенті Башар Асадтың марқұм әкесінің ескерткіші қиратылды.
Қараша айының соңынан бері Хаят Тахрир аш-Шам бастаған үкіметке қарсы топтар Сирияда шабуылдауда. Сирия армиясы бұған дейін елдің батысындағы ірі Алеппо мен Хама қалаларын және шығыстағы Дейр-эз-Зорды бақылаудан айырылған болатын. Бір күн бұрын сириялық көтерілісшілердің Сувейда қаласына кіргені белгілі болды.
Сондай-ақ шығыста үкімет күштері Дамаск бағытында ол жерден эвакуацияланғаннан кейін Хасака қаласын бақылауға алғаны хабарланды. 7 желтоқсанда содырлардың ежелгі Пальмира қаласын басып алғаны белгілі болды.
Болжам бойынша, Хомстағы түрмеден тұтқындарды босату сәті түсірілген кадрлар:
Breaking🛑: The opposition forces have taken control of the prison in the city of Homs, releasing the prisoners who were held there.#Syria #Homs #SyrianWar #OppositionForces #PrisonBreak #SyrianConflict #FreePrisoners #SyriaWar2024 pic.twitter.com/3W2tcKw7C5
— New idea 💡 (@Abdihamid00) December 7, 2024
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды