Шымкентте өткен автофестивальда әзілкешті көлік қағып кетті

cover Фото: Orda.kz

Low.kz автофестивальда жайдарманшы, «Миллион» жайдарман құрамасының мүшесі Мансар Орынханды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл туралы әзілкештің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. Оның сөзінше, бұл оқыс оқиға әдейі жасалмаған. 

«Он екі мүшем сау. Ерболат «Low.kz-ті бірге жүргіземіз» дегенде ішім «қылп» ете қалып еді. Бірақ біраз адам «өзің де құтырып кеттің» деп жазып жатыр. Ол да мүмкін. Құдай сіздің басыңызға салмасын. Бұл нәрсені дұшпаныма да тілемеймін», — деді ол. 


LowKz Meet — автокөлік әуесқойлары жиналатын ірі фестиваль. Мұнда өзгертілген машиналар, ретро және классикалық көліктер, спорткарлар мен дрифт машиналардың көрмесі өтеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар