Шымкентте ер адам танысын террористік топтарға қосылуға үгіттегені үшін сотталды

cover Фото: freepik.com

Шымкентте ер адам танысына террористік топтар туралы ақпарат айтып, топқа қосылуға үгіттеген, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам WhatsApp желісі арқылы танысына халықаралық террористік ұйым «Мұсылман бауырлар» идеологиясын және «қарулы жиһад» идеясын насихаттайтын материалдарды жолдаған. Кейін террористік топтарға қосылуға үгіттеген. 

«Сот үкімімен «С» есімді азамат ҚР ҚК 256-бабының 2-бөлігі (терроризмді насихаттау, сондай-ақ осындай мазмұндағы материалдарды интернет-ресурстар арқылы тарату) және 296-бабының 1-бөлігі (террористік не экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарға үгіт - насихат жасау, даярлау немесе қаруландыру) бойынша кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады Бас прокуратура. 

 Ресми дерек бойынша, өткен жылы осындай қылмыс жасаған 10 азамат сотталған.

Еске салайық, ресейлік келіншек 59 жыл іздеген анасын Қазақстаннан тапты. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар