Шымбұлақтағы кезек: демалыс орны әкімшілігі жұмыс кестесін өзгертті
Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Алматының танымал «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына келушілер 1 қаңтар күні ұзын-сонар кезек пен халықтың көптігіне шағымданды. Аспалы жолға мінгісі келетіндер де тым көп болды. Шымбұлақ әкімшілігі қала тұрғындары мен туристерді мереке және демалыс күндері алдын ала ертерек келуді сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
«НЕХабар» Telegram арнасында жарияланған видеода «Демалыс күнгі Шымбұлақ - әлсіздердің орны емес» делінген.
Шымбұлақ өкілдері Instagram парақшасында 2 қаңтарда демалыс орны түн ортасына дейін жұмыс істейтінін, күндіз-түні шаңғы тебуге болатынын хабарлады. Тек екі тариф бар - таңғы және толық: 08:30-дан 13:30-ға дейін (таудан түсу 13:30-ға дейін) және 08:30-дан 17:00-ге дейін (00:00 дейін таудан түсу қажет).
«Түскі уақытта көлік қозғалысы көбейетіндіктен курортқа алдын ала келуіңізді сұраймыз. Аспалы жолмен жүру үшін кезек күтілуде. Сағат 15:00-18:00-де қонақтар ағыны көбейеді» дейді әкімдік қонақтарына.
Бір жыл бұрын белгілі кәсіпкер, Forbes.kz сайтының басшысы Арманжан Байтасов Шымбұлақтағы кезек туралы өткір айтқан болатын. Артынша ғаламторда халық көп жиналған демалыс орнының видеосы да пайда болды. Байтасовтың айтуынша, шипажайды кеңейту және қосымша шаңғы трассаларын салу бұл мәселені шешуге мүмкіндік беретін еді.
Жаңалықтар
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр