Шығыс Қазақстанда миллиондаған мал қырылып жатыр
Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында фермерлер малдың күрт қырылып жатқанына шағымданды. Ірі қара мен ұсақ малдар белгісіз аурумен ауырып жатыр. Мұнда шаруалар күн сайын өлген малдың өлекселерін көмуге мәжбүр.
Orda.kz тілшісі ең көп зардап шеккен Зайсан ауданы, Шілікті ауылында орналасқан «Нұрдәулет» шаруа қожалығында не болып жатқанын хабарлады. Қазіргі уақытта мұнда 120 қозы өлген. Жануарлардың өлекселері күн сайын көміліп жатыр. Бұл ауру сәуірдің соңында пайда болған. Шаруа қожалығының өкілі Айбол Лекеров мұндай жағдаймен ешқашан кездеспегенін айтты. Фермерлер бірнеше миллион теңгеге шығынға батты, ал мал әлі де қырылып жатыр.

– Жағдай күн сайын күрделеніп барады. Біз кімнен қолдау сұрайтынымызды білмейміз. Ешқандай карантин жариялаған жоқпыз. Шаралар да қолданылмады. Біз тіпті бұл қандай ауру екенін және оның адам үшін қаупі бар ма білмейміз, - деп қосты фермер.

Осындай жағдай Зайсан ауданының жақын маңдағы Жалшы және Қарасай ауылдарында да тіркелгені белгілі болды. Ауыл тұрғындары күн сайын таңертең қорадан мал өлекселерін табатынын айтты.
Сәуле Ысқақованың сиыры өткен күні өлді. Әйел малдың үстіне жара шығып, аузынан сілекей ағып, азаптанып өлгенін хабарлады. Енді үй шаруасындағы әйел өзінің және балаларының өміріне алаңдаулы. Оның айтуынша, қазірдің өзінде ауданда 100 бас ірі қара өлген.

Жергілікті билік бұларды соңғы қыстың салдары деп сендірді. Олар суық ауа райынан кейін мал әлсіреді, сондықтан жаппай қырылып жатыр дейді. Алайда фермерлер малды вакциналап, дұрыс тамақтандырдық деп отыр. Олардың айтуынша, бұл инфекция. Мал өсірушілер аурудың атауын және малға қандай дәрі-дәрмектер пайдаланатынан хабарсыз.

Біз облыстық ветеринарлық басқармамен байланыс орнатып үлгердік. Мамандар сраптама үшін сынамаларды тек 13 мамырда алды, ал нәтижесі екі аптадан кейін ғана дайын болады.
– Біз нәтижені күтеміз, бірақ жұқпалы аурудың бар екенін жоққа шығармаймыз. Егер мал жақсы күтілмеген болса, онда өтемақы болмайды. Егер жұқпалы ауру болса, оны зертханалық зерттеулердің нәтижелері көрсетеді, - деді ШҚО ветеринарлық бөлімнің басшысы Ертай Батхолдин.

Жануарларды қандай-да бір жолмен құтқару үшін фермерлер ұмытылған халықтық емдеу әдістерін еске түсірді. Жануарлардың тұяқтарын ағартқыш пен тұз қосылған арнайы ерітіндімен жуды, бірақ бұл шаралар көмектеспей жатыр.
Халық малдың өлекселерін дезинфекциялайтын құралдарсыз таяз шұңқырларға көмуге мәжбүр.
Авторы: Олег Мамаев, Шығыс Қазақстан облысы
Аударған: Айнұр Дәрібаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық