ШҚО экология департаментінің экс-басшысы пара үшін 10 жылға сотталды
Фото: Экология департаментінің баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің бұрынғы басшысы, 62 жастағы Мамай Бұтабаев ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл – өңірдің экологиялық саласында бір жыл ішінде шыққан үшінші сыбайлас жемқорлық ісі.
Бұтабаев 2024 жылдың 13 шілдесінде ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның әрекетін қылмыс үстінде әшкерелеген. Сол күні ол жол құрылысына жауапты компания өкілінен 8,5 миллион теңге алған. Тергеу мәліметінше, бұл тек алдын ала төлем болған, ал шенеунік заңсыз жолмен барлығы 130 миллион теңге алуды жоспарлаған.
Параны берген адам — «Синьсинь» компаниясының мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі өкілі Қанат Дырынбаев. Компания сол кезде «Қалбатау – Майқапшағай» автожолының бір бөлігін жөндеп жатқан. Тергеу болжамы бойынша, Бұтабаев компанияға экологиялық заң бұзушылықтар үшін жауапқа тартылмауға уәде берген.
Сот барысында экс-шенеунік кінәсін мойындамаған, ал адвокаты Ерік Халелов айыптау тергеудің болжамына негізделгенін және оны растайтын нақты дәлел жоқ екенін хабарлады.
Дегенмен, сот Бұтабаевты кінәлі деп танып, 10 жыл 1 айға бас бостандығынан айырды. Қанат Дырынбаев та осындай мерзімге сотталды. Ол пара беру және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру баптары бойынша жауапқа тартылған.
Іс бойынша тағы бір кәсіпкер — «Инком-Шығыс» ЖШС иесі Марат Ақылғазин сотталды. Ол заңсыз табысты жасыруға көмектеспек болғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу дерегінше, ол Дырынбаевқа ақшаны өз фирмасы арқылы рәсімдеуге көмектеспек болған.
Айыпталушылардың қорғаушылары үкімге апелляциялық шағым түсіруі мүмкін.
Мамай Бұтабаев экология департаментін небәрі жарты жыл басқарған. Бұған дейін ол Абай облысында қызмет атқарған. Одан бұрынғы басшы Данияр Әлиев те пара алғаны үшін сотталған болатын.
Әлиевтің қамауға алынуына дейін бір ай бұрын оның орынбасары Рауан Тұраров та ұсталды. Ол алтын өндіретін компаниядан пара алғаны дәлелденіп, жеті жылға сотталды.
Бұған қарамастан, өңірде экологиялық заң бұзушылықтар азаймай отыр. Биыл ШҚО-да бірқатар ірі кәсіпорын эмиссия лимиттерін асырып, қалдықтарды дұрыс сақтамағаны үшін миллиардтаған теңге айыппұл төлеген. Бұтабаев ісінде аты аталған «Синьсинь» компаниясы да бір миллиард теңгеден астам айыппұл төлеген.
Жаңалықтар
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты