ШҚО-да кәріз құдығына түскен 3 жұмысшы уланып қалды

cover Фото: ТЖМ

ШҚО-да кәріз құдығында уланып қалған 3 жұмысшы құтқарылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде 3 жұмысшы уланып қалған.

Олардың бірі өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған. 

Оқиға орнына жеткен мамандар құдықта қалған екі адамды сыртқа алып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар құдық ішінде жиналған улы газдан улануы мүмкін. Тиісті мамандар оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар