ШҚО-да ежелгі беймәлім артефактілер табылды
Фото: Gov.kz
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы ШҚО Қатонқарағай және Үлкен Нарын аудандарында археологиялық зерттеулер жүргізеді.
Бұл туралы мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Археологтар бұрын соңды ашылмаған 20 жерлеу орны мен елді мекенді тапты, олардың 14 -інде қазба жұмыстары жүргізілді. Қола дәуірінен қазіргі заманға дейінгі археологиялық орындарда ғалымдар көптеген артефакт орнын ашты.
«Табылған заттар қатарында металлургиялық орталықтың орны бар ерте темір дәуірінің қонысы, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қыстауы және 12 жерлеу орны бар. Археологтар сонымен қатар ертедегі сақ және көне түркі жылқы жабдықтарын, қыш ыдыстарды, Пазырық мәдениеті әшекейлерін, ежелгі түркі дәуірі кезеңіндегі қола төсемдер және тиындар,белдік, ілмек, қимақ сияқты әртүрлі жәдігерлер тапты» деп хабарлады мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған қоса ғалымдар аймақтың тарихи-мәдени мұрасын қорғау және насихаттау үшін жергілікті тұрғындармен және билік органдарымен кеңесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Аймақтағы қазба жұмыстары мен ғылыми ізденістер 2024 жылдың соңына дейін жалғасады.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды