Шетелде оқып келіп, жат ағымды насихаттауды бастады

cover Фото: KAZISLAM

Ақтөбеде 31 жастағы ер адам жақындарын жат ағымға кіргізбекші болғаны үшін 5 жылға сотталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Анықталғандай, күдікті бұған дейін бірнеше жыл Сауд Арабиясында оқып келген.

Ер адам жазасын Ақтөбе облысындағы КА-168/2 қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді.

– Екі жыл бұрын студент туған қаласына жазғы демалысқа келген. Дөңгелек ауыстыратын ғимаратта діни сабақтар өткізіп, дәстүрлі емес діни ағымды ашық насихаттаған, - деп хабарлады ІІМ сайты.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті азаматтың мүлкі тәркіленіп, 5-9 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар