Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау әкімдігі Orda.kz мақалсына жауап берді
Фото: Almaz Tleuliev / Wikimedia Commons
Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы Orda.kz редакциясының атына ресми хат жолдап, көпбалалы ана Әсел Айтмағамбетоваға қатысты әкімшілік іс бойынша өз ұстанымын білдірді.
Бұған дейін Orda.kz жариялаған материалда Жезқазған қаласының тұрғыны Әсел Айтмағамбетованың билікке сыни пікір білдіргені үшін ірі көлемде айыппұл арқалағаны айтылды. Белсенді Жезқазған қаласының әлеуметтік жағдайын сынға алып, оны TikTok желісінде жариялаған. Ол қалада ауызсу сапасының төмендігін, онколог маманның жоқтығын және жұмысқа орналасудағы сыбайлас жемқорлықты атап көрсеткен болатын.
Алайда Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы редакцияға жолдаған хатында бұл мәліметтерге қарсы уәж ұсынды.
«2025 жылғы 27 мамырда Ә. Айтмағамбетова Жезқазған қаласы әкімінің орынбасарының қабылдауында болды. Ол баспана сұрап, жұмысқа орналастыруды және әлеуметтік көмек көлемін арттыруды талап етті. Өтініштеріне толық түсініктеме берілді. Алайда оң шешім шықпаған соң, ол әлеуметтік желіде сынға толы жазбалар жариялап, облыс әкімін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыптады», – деп жазылған хатта.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, Әсел Айтмағамбетова бірнеше рет әкімдік пен полицияға шақырылғанымен, кездесуге барудан бас тартқан.
«Облыс әкімі Дастан Рыспек бұл мәселеге азамат ретінде жеке арыз жазды. Сот шешімі әкімге бағытталған жала жабу дерегі бойынша шықты. Сотқа дейін медиативтік келісім – көпшілік алдында кешірім сұрау ұсынылды, бірақ ол одан бас тартты», – деп мәлімдеді Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы.
Әкімдік сонымен бірге Жезқазған қаласындағы инфрақұрылымдық жобалар жөнінде де мәлімет ұсынды. Атап айтқанда, қалада жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, су тазарту нысандары жаңартылып жатқанын және жұмыссыздық деңгейі 4,1% екенін хабарлады.
Сондай-ақ басқарма редакциядан бұдан былай «тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуді» сұрады.
Жаңалықтар
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім