Шенеуніктер зағип жетімдерге бөлінген ақшаны ұрлай бастаған

cover

Қазақстандық балалар үйінің қызметкерлері өздеріне жоғары жалақы тағайындап, жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты жымқырып, өсіріп көрсеткен бағамен азық-түлік сатып алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Қазақстан Республикасының қаржылық барлау қызметі аталған мекемелерде тексеру жүргізіп, жалпы сомасы 76 млн теңге болатын 21 заң бұзушылық анықтады.

Оның ішінде өзіне заңсыз жалақы төлеу, есепшінің ақшасын ұрлау, азық-түлікті тым жоғары бағамен сатып алу және мемлекеттік меншікті ысырап ету табылған.

Мәселен, балалар үйінің бірінде қызметкерлер зағиптарға арналған арнайы ноутбуктар алуға арналған 17 млн теңгені ұрлап кеткен.

Жетімдерге арналған арнайы мектеп-интернаттағы асхананы жөндеуге бөлінген 3 млн теңгені қолды еткен.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Материалдар экономикалық тергеу қызметінде. Жалпы қазіргі уақытта осындай 16 қылмыстық іс тергелуде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар