«Шекарада ұстаған»: Қытай билігі Қазақстан азаматын қамауға алды
Фото: Азаттық радиосы
Қытайда туып, Қазақстанға көшіп келіп, азаматтық алған Әлімнұр Тұрғамбай 23 шілде күні жұмыс бабымен Шыңжаңға кеткен. Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен Әлімнұрға туыстары іздеу салып, Қытайдың ресми орындарына сұрау жіберген еді. Қытай билігі Әлімнұр Тұрғанбайды ұстағанын растады, деп хабарлайды Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап.
Әлімнұр Тұрғанбайдан хат-хабар үзілген соң, Алматы облысы Ұзынағаш ауылының тұрғыны Гүлдария Шеризатқызы күйеуін іздестіре бастады. Қытай жағы күйеуінің ұсталғанын растап, Әлімнұр Тұрғанбайдың әлі де Қытай азаматы екенін, Қытайда қос азаматтық танылмайтындығын атап өтті. Гүлдәрия Шеризат жуырда Қазақстанның Қытайдағы консулдығынан жауап алды.
«Қытай жағымен өткізілген тиісті келіссөздің нәтижелері бойынша 2025 жылдың 11 тамызында Қытай қоғамдық қауіпсіздік министрлігі халықаралық ынтымақтастық басқармасы Қытайдың «Азаматтық туралы» заңының ережелеріне сәйкес, Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шығуға рұқсат алмағанын және Қытай азаматтығынан автоматты түрде айырылу шарттарына сәйкес келмейтінін хабарлады. Осыған байланысты ол әлі күнге дейін ҚХР азаматы мәртебесін сақтап отырғанын жеткізіп, Қытайда қос азаматтық танылмайтынын атап өткенін жеткіземіз», деп жазылған консулдық жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін 48 жастағы Әлімнұр Тұрғамбайдың жоғалғаны туралы ақпарат тарады.
Жаңалықтар
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген