Шәріп Серік сүйіктісін ұрғанын мойындап, мәлімдеме жасады

cover Фото: Видеодан кадр

Актер Шәріп Серік әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты мәлімдеме жасады. Ол сүйіктісін ұрғанын мойындап, кешірім сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Еске салайық, танымал актер жүріп жүрген қызы Әлия Ботееваға қол көтерді. Оқиғадан кейін Шәріп Серік алғаш рет желіде кешірім сұрап, бейнежазбасын жариялады. 

«Мен өзімді ақтағым келмейді. Мен қателік жасадым және заң алдында жауап беруге дайынмын. Ұрыс кезіндегі ыза мен ашу сезімі барлығыңызға таныс болар. Бірақ менің қателігімді қайталамаңыздар және қол көтермеңіздер. Мен Әлияны ұрдым, ол үшін мен одан, оның отбасынан және менің теріс қылығымнан зардап шеккендердің бәрінен кешірім сұраймын», — деді актер.

Айта кетейік, Шәріп Серіктің өрескел іс-әрекеті мансабына кері әсерін тигізді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар