Шахтинскіде әскери адам өзіне қол салды

cover Фото: Gov.kz

13 қазан күні Шахтинск қаласында келісімшарт бойынша қызмет атқаратын әскери қызметшінің денесі өз пәтерінде табылды. Оның белдікке асылып, қайтыс болғаны белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша трагедияның себебі отбасындағы жанжалға байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.

Орталық ұлттық гвардияның баспасөз қызметі хабарласқанымызда осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады «Орталық» ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар