«Шаһид» белбеуі бар»: Павлодарда Ресей азаматы полиция ғимаратын жарып жіберемін деп қорқытты
Коллаж Orda.kz
Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында Ресей азаматы жанкештілік белбеуінің бар екенін айтып, оны жарамын деп қорқытқан.
Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Мәлім болғандай, Ресей азаматы ХҚКО орталығы бөлімшелерінің біріне келіп тұруға ықтиярхат алмақшы болады. Ол үшін ер адам қызметкерге ешқандай мөрі жоқ жақсы мінез-құлық туралы анықтама берген. Орталық қызметкері оған мұндай қағазбен тұруға ықтиярхат ала алмайтынын түсіндіреді. Ресей азаматы бұған келіспей өзімен бірге «шаһид» белбеуінің бар екенін және оны көш-қон полициясына барып жарып жіберетінін айтқан.
Оқиға байланысты Orda.kz тілшісі Павлодар полиция департаментіне хабарласты.
Полицияның мәліметінше күдікті қамауға алынды.
«Қазіргі таңда күдіктіге қатысты терроризм туралы жалған хабар тарату фактісі бойынша тергеу басталды. Жұмыс барысында ХҚКО ғимаратынан 130 адам эвакуацияланды» деп мәлімдеді департамент баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды