Семейде есірткі сатушылардан құны 20 млн теңге болатын "синтетика" тәркіленді
Фото: polisia.kz
Семейде арнайы бөлімшенің күштік қолдауымен полицияның жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде синтетикалық есірткінің ірі сатушыларының қызметі тоқтатылды.
Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері екі ұсталғанның тұрғынжайын тінту кезінде салмағы 500 грамнан асатын "мефедрон" психотроптық затын тауып, тәркіледі. Күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы барын растайтын телефондар тәркіленді.
Есірткі тұтынуға арналған 1500-ден астам бір реттік доза заңсыз айналымға жіберілмеді, олардың "қара" нарықтағы алдын ала құны 20 млн теңгеден астам сомаға бағаланады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, оларға он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды