Семей: Жалақысын ала алмаған автобус жүргізушілері байкот жариялады

cover

Семейлік наразы қоғамдық көлік жүргізушілерімен қала әкімі Ермак Сәлімов кездесті. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазылған.

Анықталғандай, еңбек инспекциясы автопарктерге автобус жүргізушілеріне жалақы қарызын төлеу қажеттігі туралы бірнеше рет ескерткен.

«Жұмыс берушінің қарызды төлеу туралы келесі есебі бүгін, 15 желтоқсанда әлеуметтік серіктестік жөніндегі үшжақты комиссия шеңберінде өтуі керек еді. Жұмыс берушіге еңбек инспекциясы қарызды төлеу қажеттігі туралы бірнеше рет ескертті», - делінген хабарламада.

Кездесу жалғасуда. Әкімдік оның нәтижелері туралы қосымша есеп беретіндігіне сендірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар