Сегіз жастағы бала мен 13 жастағы қыздың дүркіреген тойы өтті

cover Фото: бейнеден кадр

Желіде сегіз жастағы бала мен 13 жастағы қыздың тойының видеосы тарады, деп хабарлайды Orda.kz.

Желіде сегіз жастағы бала мен үйлену көйлегін киген 13 жастағы қыздың билеп жатқан видеосы тарады. Үйлену тойы Ресейдің Астрахан қаласында өтті.

Іс-шараны жергілікті сығандар диаспорасы өткізгені белгілі болды. Балалардың үйлену тойы өткізілгенімен, неке қию рәсімі тек кәмелет жасқа толған кезде жүзеге асады.

Үйлену рәсімі салттық сипатта болды және неке ресми тіркелген жоқ. Кәмелетке толмағандар өздерінің отбасыларымен тұрып жатыр»,  деп түсіндірді РФ ІІМ.

Құқық қорғау органдары балалардың ресми өкілдерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар