Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Сауд Арабиясы және Парсы шығанағындағы басқа араб елдері Иран тарапынан кез келген шиеленіс күшейсе, оған дәл сондай жауап қайтаратынын мәлімдеді. Бұл туралы Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі бин Фархан айтты, деп хабарлайды Orda.kz.      

«Егер Иран Парсы шығанағындағы араб мемлекеттері оның агрессиясына жауап бере алмайды деп есептесе, ол қателеседі. Сауд Арабиясында да, аймақтағы басқа елдерде де бұған жеткілікті әскери мүмкіндіктер бар, қажет болған жағдайда біз олардың барлығын қолданамыз», – деді министр Эр-Риядта 12 араб және ислам елдерінің сыртқы істер министрлері кездесуі қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында. 

Ол сондай-ақ «Иранға деген сенімнің толықтай жойылғанын» атап өтті, оның пікірінше, Тегеран «көрші елдермен диалогқа сенбейді». Сонымен қатар Сауд Арабиясы Иран Парсы шығанағы елдері оның шабуылдарына жауап бере алмайды деп ойласа, қателесетінін мәлімдеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар