Сарқан ауданында білім бөлімінің бас есепшісі сотталды

cover Фото: Depositphotos.com

Талдықорған қалалық соты мемлекет қаражатын жымқырған бір топ адамға үкім шығарды, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас есепшісі К.Құрманғалиеваға, сол бөлімнің есепшілері А.Мұратова мен А.Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А.Тәкенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Н.Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У.Жапабаевқа қатысты үкім шығарды», деп хабарлады Антикор. 

Тергеу дерегі бойынша, Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Тәкен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық ақша аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Тәкенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар