Самокат мінетіндерге қатысты нақты шаралар қабылданады
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте электрсамокаттарды пайдалану ережелерінің бұзылуы жаппай сипат алып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Электрсамокат мінетіндер тротуарда қатты жылдамдықпен жүреді, бұл өз кезегінде жаяу жүргіншілерге қауіп төндіреді. Сонымен қатар, самокат жалға беретін компаниялар жылдамдықты алты километр сағаттан аспайтындай шектеу туралы уәде бергенімен, ол талаптар орындалмай отыр.
«Бүгінгі күні олар бұл ережелерді сақтамайды. Сол себепті аталған компаниялардың басшыларына қатысты заң аясында шаралар қабылданатын болады», — деп атап өтті Сұлтанбаев.
Бөлек бір мәселе — самокаттардың ретсіз тасталуы. Көлік құралдарын кез келген жерге тастап кететіндер көбейген. Бұл — қаладағы жүргіншілер қозғалысына кедергі келтіретін факторлардың бірі. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі әкімдіктермен бірлесіп арнайы тұрақ орындарын ұйымдастыруды және ережені бұзғандарды жауапкершілікке тартуды жоспарлап отыр.
Әкімшілік полиция комитетінің басшысының айтуынша, қазіргі жағдай мінсіз емес, бірақ тәртіп орнатылады.
Былтыр Қазақстанда электрлі самокаттардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларында 2 адам қаза тауып, 80 адам жарақат алды.
Қалалық полиция басқармасының дерегіне сүйенсек, еліміздің ең ірі мегаполисі Алматыда тек осы жылы 2127 жол апаты болып, 24 адам көз жұмып, 2323 адам дене жарақаттарын алды.
Жаңалықтар
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды