«Самұрық-Қазына» қоры банк құпиясын жария ете бастайды

cover Фото: Facebook / SamrukKazyna

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттік қолдау алатын тұлғалардан мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуға келісім алу ережесін қабылдады.

Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құжат мемлекеттік қаражатты, оның ішінде Ұлттық қор мен республикалық бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын арттыруға бағытталғаны атап өтілді.

«Осы ережеге сәйкес қор тобының компаниялары мен олардың контрагенттері мемлекеттік қолдау алған кезде мемлекеттік аудит органдарына банк құпиясын ашуы тиіс. Бұл жүзеге асырылатын мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін бағалау сапасын айтарлықтай жақсартады. «Түпкілікті алушыға» қағидасы бойынша жүзеге асырылады» делінген хабарламада.

Анықталғандай, бұрын осындай шешімдерді «Зерде» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ холдингтері де қабылдаған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли мемлекет басшысы мемлекеттің экономикадағы қатысуын азайту және «Самұрық-Қазына» қорының активтерін жекешелендіру бойынша нақты ұсыныстар мен іс-қимылдарды күтетінін айтқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар