Сайлауалды сөзжарыс: үстел үстіндегі ұрыс, уәде және популизм

cover Дереккөз: Хабар

Бір жарым сағатқа жуық созылған эфир үшін «Хабардың» қалтасына  63 млн теңге құйылды. Кеше «Хабар» телеарнасында Қазақстан президенттігіне үміткерлердің пікірсайысы тікелей эфирде өтті.

Сөзжарысқа қатысқан кандидаттар: Қарақат Әбден, Нұрлан Әуесбаев, Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Ерлан Қошанов (Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілі), Салтанат Тұрсынбекова қатысты.

Дебат төрт раундтан тұрды.

Бірінші раунд – таныстыру

Сайлауалды бағдарламаның тұсаукесері бірінші турда өтті.

Бірінші болып қазіргі мемлекет басшысының атынан қатысқан Ерлан Қошанов сөз алды.

— Елдің саяси жүйесі түбегейлі қайта қаралады. Объективті әділеттілік қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады. Әрбір адам мемлекет қамқорлығын сезінетін болады. Балабақша, мектеп, жатақхана тапшылығы артта қалады. Бізде 3 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Біз шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасаймыз, - деп Қошанов Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Одан кейін Қарақат Әбден сөз алды. Ол бірінші спикерге қарағанда өзіне сенімді емес көрінді. Ол қазақстандықтарды әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, ана мен бала, аға ұрпаққа әлеуметтік жағдай жасау туралы айтты.

Үшінші болып Жигули Дайрабаев көтерілді. Оның бұрынғы екі үміткерден айырмашылығы, оған бөлінген екі минутқа да жетпейтін сөз сөйледі. Өзі сенімді көрінді. Ол барлық азаматтардың қазақ тілін меңгеруіне жағдай жасау туралы жоспарларын жариялады. Және, әрине, ел байлығын халыққа қайтару туралы да айта кетті.

Біз тіпті ауыл адамдарын менсінбейтін, қарапайым еңбек адамын сыйламайтын жағдайға жеттік. Соның бәрін жандандыратын кез келді. Заңымыздың негізгі қағидасы – билік те, байлық та сөзбен емес, іс жүзінде халықтықтікі, – деді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан үміткер Нұрлан Әуесбаев саяси реформаларды жақтайды. Оның басты талаптарының бірі – бір палаталы парламенті бар парламенттік-президенттік республика құру. Оның пікірінше, депутаттардың 50 пайызы бір мандатты округтерден сайлануы керек.

Президенттікке кандидат, «Астана» халықаралық ғылыми кешені жанындағы Экономикалық зерттеулер институтының штаттан тыс жетекшісі Мейрам Қажыкен білім беру жүйесін реформалау және оны тегін етуді ұсынды.

— Әкімді халық сайлайды, әкімдердің тәуелсіздігі артады. Күшті аймақтар – қуатты республика. Кәсіподақтар күшейіп, тәуелсіз болады. Кәсіпкерлердің заманауи ұйымдары дамитын болады. Отбасы тиісті әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етіледі. Баспана алуға қаражаты жетпеген отбасыларға әлеуметтік баспана беріледі. Ұлттық еңбек ақы жүйесі реттеледі. Әйелдердің зейнет жасы қысқартылады, - деді кандидат.

«Қазақ аналары-дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінен үміткер Салтанат Тұрсынбекова әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ден қойды.

— Бірінші кезекте әлеуметтік мәселелерді шешу керек. Ең төменгі жалақы мен күнкөріс шегі мөлшерін қайта қарастыру. Кедейшілікпен күресу бағдарламасын әзірлеу және іске асыру. Тұрғын үй мәселесін шешу. Халықтың қарыз жүктемесін азайтып, мұқтаждар қарызын кешіру. Халықты сапалы біліммен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендету. Мен атап өткендердің барлығы – біздің азаматтардың ең негізгі қажеттіліктері, - деді ол.

Екінші раунд – пікірталас

Екінші раунд  – пікірталас сессиясы. Бұл раундта қатысушылар қарсыластарына екі сұрақ қойып, екі сұраққа да жауап береді. Сұрақты құрастыруға 30 секунд, ал әр қатысушыға жауап беруге екі минут уақыт беріледі.

Мейрам Қажыкен Салтанат Тұрсынбековаға сұрақ қойды: Сіздің бағдарламаңызда теория да, тәжірибе де жоқ, популизм көп. Ең төменгі жалақыны немесе ең төменгі күнкөріс деңгейін қалай көтеруді жоспарлайсыз?

Салтанат Тұрсынбекова өзінің құқық қорғаушы екенін және оның бағдарламасында барлығы арнайы жазылғанын айтты:

— Ең төменгі күнкөріс деңгейіне келетін болсақ, біз бұл мәселені қазір және осы жерде шеше алмаймыз. Бұл мәселе Қазақстандағы жағдай тұрғысынан қарастырылады. Бүгінде одан шәкіртақы мен зейнетақы жасақталуда. Іс жүзінде қазақстандықтың тұтыну себеті дейік. Несие алған отбасына жүгінсеңіз, мәселе қандай механизмді қамтамасыз етуде емес. Бүгін сіздер сияқты экономистер, практиктер мен қаржыгерлер бас қоса отырып, тұтыну қоржынына шолу жасауы қажет, – деп жауап берді Тұрсынбекова.

Тұрсынбекова Қажыкеннен былай деп жауап берді:

— Сіз туралы халық өте аз біледі, ал сіздің компанияңыз таза емес. Сіз кімсіз және сіздің артыңызда кім тұрғанын біле аламын ба?

Мұндай сұраққа Қажыкең ренжімей, өзінің кәсіби салада біршама танымал екенін айтты:

— Мені  әріптестерім, оның ішінде шетелдіктер де мені басылымдардан біледі. Өз ортамда кәсіпқойлар арасында мен танымалмын. Артымда кім тұр? Кәсіподақтар менің артымда тұр, олар мені ұсынды және  1 миллион 100 мың адам президент болуды ұсынды.

Әуесбаев Ерлан Қошановтан Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыссыздық мәселесін қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.

Қошанов Тоқаевтың бағдарламасында, атап айтқанда, жастарды қолдау тетігі көрсетілген – олар 3,3 миллион адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын айтып: «Ауыл жастарына балық емес, қармақ береміз» деп жауап берді.

Жигули Дайрабаев «Қазақ қызы институттарын» назардан тыс қалдыра алмады. Ол Қарақат Әбденнен неге онда тек ауқатты адамдардың балалары оқиды деп сұрады.

Әбден бұл қате пікір деп жауап берді. Оның айтуынша, мұнда жетім балалар да, аз қамтылған отбасы балалары да оқиды деп,  босқа мысқылдамауды өтінді.

— Марқұм қайын енем ренжіген әйел ақымақтық жасайды деп айтатын, бірақ маған тиісудің қажеті жоқ, сіз өзіңіз кішкентай қозының жілігін сындырып, көп ұпай жинадыңыз, – деді Әбден.

Ерлан Қошанов Мейрам Қажыкеннен цифрландыруды дамытасыз ба деп сұрады. Қажыкең іскерлікке сүйенеді. Мұнымен кәсіпкерлердің өздері айналысуы керек, бірақ, әрине, мемлекеттің көмегімен дегенді жеткізді

Одан әрі Қарақат Әбден Қошановқа «Олар кішкентай қазақстандықтардың бақытты балалық шақтарын қалай қамтамасыз етеді?» деген сауалын қойды.

Ол біріншіден, бала күтімі бойынша жәрдемақы алу мерзімін бір жарым жылға дейін ұлғайтылды деп жауап берді. Екіншіден, енді балаларды екі жастан бастап балабақшаға орналастыруға болатындығын айтты.

Қарақат Әбден не сұрағаны, не  ренжігені белгісіз Салтанат Тұрсынбековаға бұрылып:

«Неге сен бәріне мені президент болуға лайық емес деп айтасың?» деді

Тұрсынбекова бұл сұраққа әжептеуір жауап дайындапты:

— Әрине, сіз ұлттық тағамдарды дайындауды білесіз, бірақ бірқатар мәселелерді түсінбейсіз. Ал мен кәсіби құқық қорғаушымын, сіздің сұрақтарыңыз негізінен орынсыз. Мен заңгермін. Мен әрқашан әйелдердің құқығын қорғаймын. Атқа мінесіз, дала кезесіз, құрт пісіресіз. Одан да  – дағдарыс орталықтарына бірге барып, әйелдерге көмектесуді ұсынамын, - деп жауап берді.

— Әйелдер арасындағы интеллектуалды пікірталасты тыңдау жақсы, - деп түйіндеді жүргізуші.

Салтанат Тұрсынбекова кандидат Нұрлан Әуесбаевқа ауысып, оның қандай оппозиция екенін сұрады. Оның 80-ші жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында саяси қызметпен айналысқанын есіне алды.

Қарақатқа сөйлеген жүргізуші:

— Сайлауалды бағдарламаңызда елдің дамуын жақтап отырсыз. Әйел адам шаруашылықты жүргізуі, сиыр саууы керек екенін айту. Кітапта сіз әйел ер адамнан кейін жүруі керек дегеніз, бірақ онда ол қалай дамыуы керек? – деген сұрақ қойды.

Қарақат: «Артында емес, тең дәрежеде» деп жауап берді.

Үшінші раунд – сайлаушылардың сұрақтарына жауап

Үшінші раундтағы  – тұрғындардың сауалдары жаңалық болып саналады, бұрын мұндай кезең болмаған. Бұған дейін бұл турға кандидаттардың өздері, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен баяндамашылар ғана қатысқан болатын. Енді кандидатпен бірге қолдау тобы келеді – әрқайсысына 20-дан астам адам. Ал сауалдар алдын ала түсірілген бейнематериалдар арқылы қойылды, оларды сайлаушылар 10 қарашаға дейін Хабар поштасына жіберген. Әр үміткерге бір сұрақ қойылды. Жауап беру уақыты екі минут.

Мейрам Қажыкенге қарағандылық кенші сұрақ қойды. Ер адам егер олар жұмысшылардың құқығын қорғап жатса, Ленин атындағы шахтада апат болған жерге неге келмегендерін сұрады.

Қажыкен «жоспарлы сапар» болғанын, бірақ дәл осы  қайғылы оқиғаға байланысты бармағанын  айта бастады.

— Біз этикалық себептермен барған жоқпыз. Қайғылы оқиға болған қалаға қалай баруға болады. Ешкімді ренжіткіміз келмеді. Сапар кейінге шегерілді: ертең таңғы 10-да Теміртауда боламыз, кездесу белгіленді, өткір сұрақтар қойылады, – деді Қажыкен.

Келесі кезекте Ақтөбе қаласының тұрғыны Салтанат Тұрсынбековаға бейнесұрақ қойылды:          — Әйелдерді ұрып-соғып, соққыға жығу толастар емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шынымен құтылу үшін не ұсынасыз?- деді.

Тұрсынбекова тізбектеп жауап берді:

1. Соңғы үш жылда біз депутаттар мен үкімет арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңды жаңартуға ұмтылдық. Өкінішке қарай, 2020 жылы жоба кері қайтарылды, бірақ біз табанды түрде сұрайтын боламыз.

2. Жеңіл дене жарақаты мен ұрып-соғуларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды қарастырамыз.

3. Алдын алу шаралары қажет: әр аумақта әкімдіктер жұмысқа кірісуі, алдын алу көрсеткіштері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл ережелері көрсетілуі тиіс.

4. Жанұяға қолдау көрсету орталықтары, жанұялық жанжалдардың деструктивті мінез-құлқын түзету орталықтары құрылсын. Бұл жөнінде ұзақ  тізімді ұсына аламын, – деп түйіндеді Салтанат Тұрсынбекова.

Қарақат Әбденнен қазақ қыздарының елден кетуіне деген көзқарасын және мұны қалай да заңмен реттеуге болатыны сұралды.

— Бұл өте маңызды мәселе. Дәл осындай сұрақ маған Қызылорда облысында да қойылды. Қыз шынайы сезіммен  тұрмысқа шықса, не айтамын – бақытты болсын. Бірақ есеппен үйленетіндер бар. Біз салт-дәстүрді сақтау тұрғысынан қарауымыз керек. Қыздар – біздің құндылығымыз. Қазақ қызы – ұлттың бойтұмары деген сөз бар. Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққысы келетіндерге қомақты салық салуды ұсынамын. Сонда қыздар мен олардың ата-аналары ойланатын шығар, – деп жауап берді Әбден.

Төртінші раунд – ұсыныс

Төртінші раунд – сайлаушыларға үндеу. Қатысушылар сайлаушыларға тікелей сөз арнады. Әр баяндамаға екі минут уақыт берілді.

Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру екенін айтты.

— Барлығы үшін және әр адам үшін! Қазір және болашақта! Барлығымыз бірге тарихи таңдау жасауымыз керек. Қай елде тұратынымызды шешіңіз. Ұрпағымызға қандай ел қалдырамыз.

Қарақат Әбден өзі үшін, балалар, жастар, зейнеткерлер мен олардың болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

— Мен елге, халыққа не қажет екенін білемін, – деп сайлаушыларды сендірген ол өзінің рухани мұрасын сақтауға уәде берді.

Нұрлан Әуесбаев ұрланған қаржыны елге қайтару керектігін айтты:

— Ұрланған ақшаны елге қайтару керек. Адам, оның өмірі мемлекеттің қасында болуы керек. Біз кадрлардың шетелге кетуін тоқтатуымыз керек. Құрметті сайлаушылар, Қазақстанға әлеуметтік демократия керек. Тәртіп орнату үшін қоғам мен бизнес арасындағы тепе-теңдік керек.

Жигули Дайрабаев: «Ұрпағымызға ұят болмас үшін біз мұра қалдыруға міндеттіміз!» – деді.

— Құрметті сайлаушылар, құрметті жерлестер! Әр қазақтың тамыры ауылдан. Тіліміздің, дініміздің негізі қалада емес, ауылда. Ауылдың дамуын қаласаңыз, ауыл өмірінің дамуын талап етсеңіз, маған дауыс беріңіз! Мұнай, газ және басқа да табиғи ресурстарды есепке алмай пайдалануды тоқтатуымыз керек. Ұрпағымыз ұятқа қалмас үшін талайларға ұзақ жылдар азық болатын мұра қалдыруға міндеттіміз, - деп түйіндеді Жигули мырза.

Салтанат Тұрсынбекова азаматтардың мәселелерін шешуге кірісуді ұсынып отыр:

— Азаматтардың нақты мәселелерін шешу. Адамдар күтуден шаршады. Елімізде сапалы әрі қолжетімді медицина болады. Балалар мен жастардың жақсы білім алуына мүмкіндік туады. Мен сайлаушымның  өзін жоғары тиімділікпен және лайықты жалақымен қамтылғанын қалаймын.

Мейрам Қажыкен:

— 30 жыл бойы бос уәде беруден шаршадық. Енді оянатын кез келді, деп әсіресе, жастарды оятуға шақырды.

Осымен пікірталас аяқталды. Жүргізушінің айтуынша, оларды YouTube және Facebook желілерінен үш мыңға жуық адам көрген, бұл ел халқының 0,015 пайызын ғана құрайды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар