Сағатына 240 шақырым жылдамдықпен соққан жел үйлердің шатырын жұлып әкетті

cover Фото: pexels

«Берилл» дауылы 5-дәрежедеге  дейін күшейіп, Кариб теңізіндегі кемелер суға кетті.

Бұл туралы  Гренада премьер-министрі Дикон Митчелл хабарлады.

«Берилл» дауылы жарты сағаттың ішінде Карриаку аралын шәйқап кетті. Онда желдің жылдамдығы 240 км/сағ болды. Бір адам қаза тапты. 

 «Берил Шығыс Кариб теңізіндегі 5-санаттағы апатты дауылға айналуда. Осы аптаның соңында Ямайкада өмірге қауіп төндіретін жел мен дауыл соғуы мүмкін» делінген министр баяндамасында.

Премьер-министр әлеуметтік желіде Карриаку мен Пети Мартиника аралына гуманитарлық көмек жеткізу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. 

«Төтенше жағдай әлі де күшінде. Үйде болыңыз» деп жазды министр әлеуметтік желіде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар