Садыр Жапаровтың күйеу баласы болудан қағылған жігіт түрмеден шықты
Фото: Бейнеден кадр
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың күйеу баласы бола алмай қалған жігітке үкім шықты. Афтандил Сабырбековке есірткі таратқаны және қару-жарақ сатқаны үшін айып тағылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Афтандил Сабырбеков 2024 жылдың жазында Қырғызстан президентінің жиені Ләззат Нұрғожаеваға жалға алынған тікұшақпен үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін танымал болды. Оқиға халық арасында қоғамдық резонанс тудырды. Кейін Садыр Жапаров болашақ күйеу баласын ысырапшылдыққа жол берді деп айыптап, кешірім сұрауға мәжбүрледі.
Бір айдан кейін Афтандил Сабырбеков пен оның ағасының ұсталғаны белгілі болды. Оған есірткі таратқаны және қару-жарақ сатқаны үшін айып тағылды.
Ләззат Нұрғожаеваның өзі 2025 жылдың ақпан айында тұрмысқа шықты. Оның таңдауы грек-рим күресінің балуаны, Қырғызстан олимпиада құрамасының мүшесі Амантур Исмаилов болды.
10 қазан күні Бішкектің Первомай аудандық соты Афтандил Сабырбековтің үкімін жариялады. Сот оның есірткіге байланысты айыбын жоққа шығарды. Сабырбеков «қару-жарақ пен оқ-дәрілердің заңсыз айналымы» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, «екі күн қамауда отырғаны бір күн» деп қайта есептелді. Сот 2024 жылғы 4 шілдеден бастап 2025 жылғы 10 қазанға дейін қамауда ұстауды ескере отырып, тағайындалған жаза толығымен өтелді деп санады. Афтандил Сабырбеков сот залында босатылды.
Оның ағасы Тариэль Сабырбеков қылмыс құрамының болмауына байланысты бірнеше бап бойынша ақталды. Алайда ол «прокурордың, тергеушінің, анықтау органының қызметіне кедергі жасау» бабы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, бірақ бұл жаза да өтелді.
Айта кетейік, сөзге қалған қырғыз президентінің жиені спортшымен шаңырақ көтерді.
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?