Руслан Желдібай халықаралық ұйымдағы жаңа қызметке тағайындалды

cover Фото: Ақорда

Қазақстан президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) Жаңа технологиялар және жоғары нәтижелер жөніндегі комиссиясының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.

Жаңа лауазым – қоғамдық негіздегі жұмыс. Желдібай бұл міндетті негізгі қызметімен қатар атқарады, яғни еңбекақы қарастырылмаған.

Халықаралық дзюдо федерациясы Руслан Желдібайдың тәжірибесі мен кәсіби құзыретін жоғары бағалап, оның комиссия жұмысына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Руслан Желдібай 2025 жылдың 17 ақпанынан бері Қазақстан президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол мемлекет басшысының ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар